Понедельник
30.06.2025
08:51
Рано или Поздно
//www.youtube.com/watch?v=KV2ehVFQs-s&feature=colike
Поиск
Календарь
«  Апрель 2012  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
Архив записей
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 66
Мини-чат
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Жүрек жылулығы....

    Главная » 2012 » Апрель » 16 » Махаббат, қызық мол жылдар
    18:46
    Махаббат, қызық мол жылдар


    Ерте заманда тау бөктерінде орналасқан шағын ауылда екі ғашық болыпты. Екеуі бір бірін қатты сүйген екен. Күндердің бір күнінде елге жау шабады. Ауыл еркектерінің бәрі елін қорғау үшін жауға қарсы аттанады. Жігіті жауға кеткен қыз оның аман оралуын тілеп қалады. Ұзақ айлар өтеді, майданнан хабар болмайды. Қыз жігітті үмітін үзбей күтеді. Қақаған қыс ұзаққа созылады. Ақпанның ортасында, еркектердің жартсынан азы елге жеңіспен оралады. Арасында жаралы ғашық жігіт те болады. Ол келгенде қыс суығына шыдамаған қыз, қатты ауырып жатады. Емшілер оны емдеу үшін жылы елдерден гүл алып келу керектігін айтады. Бірақ, ол жақтарға жету үшін ұзақ уақыт керек еді, ал қыздың хәлі тым нашар болатын. Құр қол қусырып отырғанша, іздеп көрейін деп, жаралы болса да, жігіт гүлді ауыл маңынан іздей бастайды. Бірақ оның іздегенінен түк шықпайды. Жігіт тау аралауға кіріседі. Күші таусылып, амалы қалмағанда, жерге отыра кетіп Құдайға сыйына бастайды. «Сүйгенімді жоғалтамын» - деген қорқыныштан, еш уақытта мойымаған, еш уақытты ешкімге көз жасын көрсетпеген батыр жігіттің көзінен бір тамшы жас домалап түседі. Сол сәтте жігіттің жасы тамған жерден, қар астынан гүл көрінеді. Ол - бәйшешек еді. Жігіттің қуанышында шек болмайды. Ол бәйшешекті алып емшіге келеді. Емші қызды емдеп, екі жас ұзақ уақыт бақытты ғұмыр кешкен екен деседі. Осы оқиғадан кейін, бәйшешекті халық арасында: «Үміт Гүлі» - деп атап кеткен екен.
    Просмотров: 769 | Добавил: Bakosi | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 1
    1 Бағжан  
    0
    heart heart heart неткен кереемеееееееет

    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]