Понедельник
30.06.2025
13:41
Рано или Поздно
//www.youtube.com/watch?v=KV2ehVFQs-s&feature=colike
Поиск
Календарь
«  Май 2012  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
Архив записей
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 66
Мини-чат
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Жүрек жылулығы....

    Главная » 2012 » Май » 14 » Махаббат, қызық мол жылдар
    11:38
    Махаббат, қызық мол жылдар

    Жат жақта жүрген соң, жырақта,
    Қоғамдық желiге қосылдым.
    Өмiрде бiлмеймiн,
    Бiрақ та,
    Агентте мен сенiң досыңмын.

    Мен қалай күн кешем күлкiңсiз?
    Сен маған сыйлаған аз ба мұң?
    Агентте отырсың үн-түнсiз,
    Бiрiншi боп және жазбадың.

    "Сәлем" деп бастар деп күтiп ем,
    Сағындым сәттердi баяғы.
    "...Сенсiз де күндердi бiтiрем,
    Бөтен қыз құшағын жаяды."

    Дәл солай дедiм де тек iштен,
    Блогтан бiр өлең арнадым.
    Iске аспай жоспарым келiскен,
    Алыстап кеттiң-ау, арманым.

    "Сәлем" деп өзiм сөз бастадым,
    "Жағдайың жақсы ма, қалайсың?"
    Өзiңсiз бұлт басып аспаным,
    Алдымда күтiп тұр талай сын.

    Есепсiз кетiптi есем де,
    Бұрыннан бөлектеу қалпың шын.
    "Кеш жарық! Жақсымын!" десең де,
    Сен маған, сеземiн, салқынсың.

    Үн-түнсiз қаламыз ендi бiз,
    Сөз бiттi себебi осымен.
    Өмiрде, бiлмеймiн, белгiсiз,
    Агентте ең жақсы досым ең.

    Мен солай мұңға да батып ем,
    Қайтемiн тек бақыт тiлеп құр?
    Статус өзгенiң атымен,
    Өзгенi сүйем деп жүрек тұр.

    Сен үшiн айналып әдетке,
    Сол жiбiн үздiң-ау үмiттiң.
    Тып-тыныш отырмай,
    Агентке
    Мен бүгiн бекер-ақ кiрiппiн!


    Автор: Айбар Ермекқалиев.
    Просмотров: 1056 | Добавил: Bakosi | Рейтинг: 5.0/1
    Всего комментариев: 2
    1 Aktore  
    1
    неткен керемет олен! нагыз омирден алынган sad

    2 Bakosi  
    0
    Ия жақсы жеткізілген ой! Көтер басынды! Бәрі жақсы болады деп сену керек!!!

    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]