Суббота
05.07.2025
07:49
Рано или Поздно
//www.youtube.com/watch?v=KV2ehVFQs-s&feature=colike
Поиск
Календарь
«  Июнь 2012  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
Архив записей
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 66
Мини-чат
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Жүрек жылулығы....

    Главная » 2012 » Июнь » 9 » Махаббат қызық мол жылдар...
    17:58
    Махаббат қызық мол жылдар...

    Сен мені шынымен осы сағынбайсың ба, оған да от болып беріліп жалындайсың ба?
    Оны да мендей елжіреп, аймалайсың ба, оны да іздеп, төзе алмай, қайдалайсың ба?
    Оған да сәби қылықпен еркелейсің бе, кетейін десе, қиылып "ерте" дейсің бе?
    Жанарың ойнап, оған да "Күнім" дейсің бе, мені құшқандай, денеңмен дірілдейсің бе?
    Оңаша сәтті онымен армандайсың ба, ол жоқта жетім ботадай қалғандайсың ба?
    Оған да: "Сені өмірден іздеп ем...",- дейсің бе, "Жүрегім - қырау сен жоқта, мұз - денем",- дейсің бе?
    Ол барда өзге көздерді жақтырмайсың ба? Оны да бір күн құз-жардан лақтырмайсың ба?
    Өте шықтың. Таныс үн! Тұла бойым дір етті. Еркелеген дауысың осып өтті жүректі.
    Оған қарап назданып, сөйлеп бара жатырдың, ұмтылуға аз қалып, қарамды тез батырдым.
    Кездескендер түріме таңырқасып қарады.
    Елең болмай бірі де, сен биледің сананы.
    Күйге түстім не түрлі - бір суынып, бір ысып.
    Айыпты адам секілді кете бардым ығысып.
    Байқамадың бірақ та, ақыл да екен бұл ісің.
    Керең болғыр құлақта тұрып қалды күміс үн.
    Сені құшып өзгенің жанды бағы, менің миым соны ойлап қалжырады.
    "Бақыт - тапса сүйгенін, қуан" дейтін - біреулердің шығарған сандырағы.
    Ақылгөйлер соны айтып ұрандайды,
    Қу молдадай сандалған құран жайлы.
    Шын ғашық жан сүйгенін өзгелерден,
    не десең де, қызғанбай тұра алмайды.
    Сезермісің:
    қанша күн жолықпадық!
    Жынданамын кейде оны көріп қалып.
    Соны тастап, дәл қазір келсең маған,баяғыша сүйер ем өліп-талып.
    Еш күнәңді бетіңе баспас едім,мылжыңдарға құлақ та аспас едім.
    Су сепсе де лапылдап өршеленген -бұл не қылған мендегі қасқа сезім?!
    Просмотров: 1935 | Добавил: Bakosi | Рейтинг: 2.0/1
    Всего комментариев: 1
    1 beko  
    1
    Эх, балалык шак ай...

    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]