Понедельник 07.07.2025 17:09 |
Приветствую Вас Гость Главная | Регистрация | Вход | RSS |
Рано или Поздно |
---|
//www.youtube.com/watch?v=KV2ehVFQs-s&feature=colike |
Календарь |
---|
« Июль 2012 » |
Пн |
Вт |
Ср |
Чт |
Пт |
Сб |
Вс |
| | | | | | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | |
|
Жүрек жылулығы....
Главная » 2012 » Июль » 14 » Сүйіктің әлі кезігер...
22:47 Сүйіктің әлі кезігер... |
Сүйіктің әлі кезігер...
Деп мұңайма ешкім мені ұнатпады, Сүйемін деп жылы сөзбен қуантпады, Көңіліңді әркез түсірумен, Қоя берме өзіңе бұл сұрақтарды.
Бұл сұрақтар болмау керек пендеде, Мұңға батпа жаның барда кеудеде, Жүрген шығар сүйіктің, Бәлкім бір жерлерде, Жар іздеумен күйіп тым, Қайғырады білсең ерлер де.
Өтіп күндер, айлар бәлкім тағы да, Келер бір жан танысуға жаныңа, Бір-біріңді қатты ұнатумен, Кездесерсіңдер күн өтпестен сағына.
Сүйіктің әлі бір күндері кезігер, Ғашықтықтың балдай дәмі сезілер, Жан тәніңмен ұнатып, Ол үшін әлі жан жүрегің езілер.
Өзге жанға, ештемеге қарамай, Кез келер еркелейтін баладай, Кез келер қол ұстасып сүйіктіңмен, Жүретін саябақтарды аралай.
Оны ойлап қызғанумен тарығатын, Сағынумен күш қуаттан арылатын, Уақыт сенде әлі болар, Көргің келіп оттай қызып жағылатын.
Мұңаймағын, төзе білгін бәріне, Өз-өзіңді жылатпашы, Бақытты боларсың әлі де, Үмітіңді биігінен құлатпашы, Кейін сүйіп кетермін деп, Ешкімді жәй өтірік ұнатпашы.
Арсыздықтың биігінде самғайтын, Небір жан бар аруларды алдайтын, Қызық үшін, ермек үшін, Ашылмаған ақ гүлдерді таңдайтын. (Небір жан бар аруларды алдайтын)
Болмасыншы махаббатың жалғандай, Өмір сүрші ешбір жанға алданбай, Шынайы сүйіктің кезігер әлі, Көптен күткен орындалған армандай. БЕрік Сұлтанов
|
Просмотров: 1023 |
Добавил: Bakosi
| Рейтинг: 1.0/1 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]
|