Қойдым, жетер, ұмытам бәрін енді,
Бойдағы бар тауыстым дәруменді.
Аулақ менен бос қиял, ақсақ үміт.
Жазуды енді қоямын – сары өлеңді.
Ұмытамын барлығын, барлығын да,
Махаббатты, жүректің зар-мұңын да.
Шыбын жанды орнатам кеудесіне,
Секектеген шашымның әр қылында.
Жанымда ақау, алайда, тәнім аман,
Қандай, қане қия алмақ пәниді адам.
Жаңа өмірдің есігін жұлқып ашып,
Айығам да уайымсыз сәби болам.
Керегі жоқ, алдыға қозғалмаймын,
Мұнысына өлеңнің төзе алмаймын.
Ақыл сұрап әзірше, сыр да айтпа,
Жетіп жатыр өзіме өз зар-қайғым.
Айтпасаң да білемін, кінәлі өзім,
Айыпсыз еш өртенген мына сезім.
Ерік берген сезімге, жарға итерген –
Жастық шағым – сынбайтын сына кезім.
…Бәрін қойдым, бәрін де, қойдым бәрін,
Тазартамын ми қатпары – ой, қырларын.
Жырлар қалып, жастығым, сүйіктімнен
Сауығам да жасаймын тойдың қамын.
Қойдым бәрін, мұң-шерге тойды қарын.
Нурик Журсин
niko_kz007@mail.ru
|