Пятница
11.07.2025
08:45
Категории
Мақалалар [6]
Махаббат жайлы оқырмандардың ой-пікірлері орналасқан бөлім. Мұнда өмірдің әр дағдайында кездесетін сұрақтар мен қиын жағдайлардың шешімдері орналасқан
Махаббат жайында өлеңдер... [14]
Бұл бөлімге әркім өз шығармашылығын көрсете алады, мұнда сіздің махаббат жайлы өлеңдеріңіз талқыланады. Кез-келген оқырман өзінің махаббат күйін өлең түрінде жеткізе алады.Бiржан ғашық болғанмен - Ләйлiм iздеп барған жоқ. Бiр бiрiн сүйiп қосылған - ғашықтарда арман жоқ!
Видео [21]
Махаббат жайлы таңдамалы видеолар жинағы. Мұнда қысқаметражды фильмдер мен қызық мультфильмдер, бейнеклиптер орналасқан. Егер бұл видеолар қатарына ұсыныстарыңыз болса сайтқа хабар беріңіз.
Клип [52]
СмС-тер бөлімі [5]
Бұл бөлімде махаббат жайлы смстер, смс әзілдер, смс өлеңдер мен сүйіктіңді азанда және түнде жылытатын қайырлы таң мен қайырлы түн бөлімдерінен тұрады
Кино [10]
Рано или Поздно
//www.youtube.com/watch?v=KV2ehVFQs-s&feature=colike
Поиск
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 66
Мини-чат
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Жүрек жылулығы....

    Каталог статей

    Главная » Статьи » Махаббат жайында өлеңдер...

    Ұйқысыз өтіп жатыр небір түндер

    Ұйқысыз өтіп жатыр небір түндер,
    Айға қарап бейнеңді елестетер.
    Сағынышым қойныма симай жатыр,
    Тосушы ем жолдарда сені келер.

    Сағынамын күздің қара суық күнің,
    Сол кездері сені алғаш кездестірдім.
    Келіп едің саябаққа құрбыңменен,
    Шиедей еріндерің дірілдеген.

    Қалып едім сөз таба алмай саған айтар,
    Сөз таба алмай мылқаудай бола қалдым.
    Естелігім қалсын деп саған сыйлар,
    Үнтаспаны дүкеннен сатып алдым.

    Ұзаққа кездесуім созылмады,
    Білемін әңгімеміз жараспады.
    Жол бойы ойланумен үйге қайттым,
    Жүрегім бір өзің деп толғанады…

    Екінші рет бұйырыпты сені көру,
    Ойға келді досымды ерітіп бару.
    Ойламап ем досымды ұнатар деп,
    Аңғалдығым өзіме болды қару.

    Дегенмен де бір-бірімізді қимап едік,
    Осылайша махаббатты қинап едік.
    Ғашықтықты қорапқа теңер болсам,
    Сол қорапқа екеуміз сыймап едік…

    Бір жарым ай сенімен жүргеніме,
    Бір жарым ай сені мен көргеніме.
    Бір жарым ай, сонша ыстық болар ме едің?!
    Келіп қондың қарлығаштай жүрегіме.

    Жүрсен дағы мені сен елемедің,
    Сұлу едің… соншалықты сұлу едің…
    Бұлақтар елестеуші еді күлгеніңде,
    Сылдырлап тастан-тасқа секендеген.

    Үзілді байланысың меніменең,
    Басталды махаббатың досымменең.
    Жүрегіме балтадай қадалады,
    Досымды бірге көру сеніменең…

    Ойламасқа өзіңді сертті бердім,
    Қалмады ендігіде досқа сенім.
    Досымменің жүргеніңе қарамстан,
    Бәрі бір де «мен сені сүйем» дедім…

    Әрине сені ұмыту оңай емес,
    Білемін сол бір уақыт қайта келмес.
    Басқа жанмен өзімді алдасам да,
    Көз алдыма келе бердің сен бір елес…

    Білген едім досымның сол мінезін,
    Қалай ғана соны сен ескермедің.
    Қаншалықты досымды сыйласам да,
    Байқамаппын достығымның үзілгенің.

    Жалғыздықтан қиналып жүрген шақта,
    Құрбыңменен кездестім сол бір бақта.
    Көктемдегі оралған жыл құсындай,
    Оралады жүрекке махаббатта…

    Димаш
    dimanad92@mail.ru

    Категория: Махаббат жайында өлеңдер... | Добавил: Bakosi (25.03.2012)
    Просмотров: 1003 | Рейтинг: 1.0/1
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]