Өкініштен терең ойлап, қолға қалам аламын
Сағыныштан сарғайған, журек сыңды таламын
Ғашықтықтан сезім бойлап, өлең арнап жазамын
Құлақ салшы Мөлдіржан, тек бір саған арнадым….
Маған қарап маххаббат сезім білдірген
Қайда кездер қол ұстаса көп күлген
Артта қалды, мәңгілікке қол бұлғап
Қош айтысып, сезім сырын мың тыңдап
Нұрлы сәуле шашпайды күннің көзі өзіңсіз
Әуежайда бір үнсіз, бізді аңсап көңілсіз
Мен отырмын бұл түнде ұшыменен қаламның
Аршып бетін маххаббат жеген жарамның
Қоштасуға асықтың әркез сенде
Қоштасарсың бәрімен бұл өмірде
Асықпағын, ойланғын бұл шешімге
Жығыларсың естелік сезімдерге
Бейбіт болмас әрқашан сүйеу саған
Нық қарап болашаққа сағымданған
Күйімді айтсам күрсінген, күңіренген
Әлек болдым сезімге күдіктенген
Жазықтымын сүйсемде артық елден
Ойлан Мөлдір, мен әлі шыдап келем
Өкпелімін дейсің сен мені ойламай
Менде де жетер өкпе, жүр шыға алмай
Не болады өкпені кергеннен құр
Қосылармыз иттей боп карада тұр
Себепсіз болмас пиғыл ешқашанда
Ашуда келмес текке құр жатқанға
Кемшілігін түсінген адам ғана
Кенеледі пәк сезім аралына
Сүйесін ғой күнім ау мені анық
Сағынасың, ойлайсың менен артық
Қайтесің жасырып сезіміңді
Керегі сенен сезіміңнің нәзік үні
Мен жігітпін асқақ дәурен кешетұғын
Мен досыңмын мұңыңды сезетұғын
Мен сағыммын сазыңды есетұғын
Мен бақытпын кезбелеп өтетұғын
Мен қайғымын түбіңе жететұғын
Мен шаттықпын лез өтіп өлетұғын
NIKO
niko_kz007@mail.ru
|